Accessibility links

Дағыстанда «Әл-Қаиданың» эмиссары ұсталды


Дағыстанда қаруланған басбұзар жауынгерлер қолға түсіп, олардан суық қарулар мен оқдәрілер табылды, — деп хабарлайды «Маяк» радиостанциясы.

Ұсталғандардың арасында «Әл-Қаиданың» эмиссары, Түркия азаматы Зия Пече бар деп хабарланды. Қалған екі жауынгер республика тұрғындары болып шыққан. Сондай-ақ, Түркия азаматы жергілікті діни-террористік топтарды қаржыландырған да болған деп күдіктеледі. Ұсталғандарға қатысты әртүрлі баптар бойынша қылмыстық іс қозғалған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG