Accessibility links

China Development Bank «Қазақстан даму банкіне» 100 млн доллар несие бермек


ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, Қытай мемлекеттік даму банкі (China Development Bank - CDB) «Қазақстан даму банкіне» 100 млн доллар несие бермек. Бұл туралы келісімге Бейжіңде «Қазақстан даму банкінің» президенті Жанат Жақанов пен CDB вице-президенті Гао Цзянь қол қойған.

Аталған келісімге сәйкес CDB «Қазақстан даму банкіне» инфрақұрылымдармен өнеркәсіптің әртүрлі салаларындағы инвестициялық жобаларды қаржыландыруға 100 млн доллар несиені 10 жыл мерзімге береді, сондай-ақ бұл несие әрқайсысы 100 млн долларлық екі транштан тұрады.
XS
SM
MD
LG