Accessibility links

Астанада білім саласындағы кеңестің 16-шы отырысы басталды


Бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ЕврАзЭҚ интеграциялық комитетіне қарасты білім саласындағы кеңестің 16-шы отырысы басталды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі баспасөз қызметі хабарлағандай, жиынға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Фархад Қуанғанов және ЕврАзЭқ-қа қатысушы елдерінің сарапшылары, Жоғарғы оқу орындарының ректорлары мен білім мекемелерінің басшылары қатысуда.

Екі күнге созылатын аталмыш жиын ЕврАзЭқ шешімдерінің орындалу барысы, білім құжаттарының танылуы, кәсіптік білімнің сапасы, білім кеңістігінің интеграциялануы сияқты мәселелерді қарастырады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG