Accessibility links

Ауғандықтар неке туралы жаңа заңға наразылық танытты


Ондаған ауған әйелі Кабул университетінің жанында жиналып, шиит әйелдерінің құқықтарын бұзады делінетін жаңа заңға байланысты наразылық танытты. Бірақ бұл топқа қарсы 500-ге жуық адам наразылық шарасын өткізіп, «жаңа заңға қарсы болғандар исламға қарсы болады» деген үндеулер айтты.

Президент Хамид Қарзай шиит отбасыларына қатысты жаңа заңды қайта қарауды бұйырды. Оның алдында батыс елдерінің үкіметтері мен құқық қорғаушы топтар әлгі заң әйелдердің құқықтарын шектейді деп, оны сынаған болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG