Accessibility links

Литва: Қазақ хоккейшілері 3 кездесуде 3 жеңіске жетті


Азаттық радиосы осыған дейін хабарлағандай, шайбалы хоккейден Қазақстанның ұлттық құрама командасы өткен сенбі күні Литваның астанасы Вильнюсте басталған әлем біріншілігінде сәтті өнер көрсету үстінде. Вильнюстен Қазақстанның хоккей федерациясының Бас директоры Юрий Зверев телефон арқылы хабарлағандай, өткен сейсенбі күні қазақ хоккейшілері Жапония құрамасымен күш сынасып, 3 : 1 есебімен өте тартысты өткен ойында тағы бір жеңісіне қол жеткізді. Осыған дейін Қазақстан құрамасы алаң иелері – Литва командасын 5 : 1 (11 сәуір), Хорватия құрамасын 6 : 1 есебімен (12 сәуір) ұтқан болатын.

Бүгін Қазақстан құрамасы аустралиялық қарсыластарымен мұз алаңына шығады. Азаттық радиосына Юрий Зверев мәлімдегендей, ұлттық құрама Австралия командасын сөзсіз жеңуге тиіс. Әйтсе де шешуші кездесу – алдағы жұма күні Словения құрамасымен арада өтеді.

Ал жапондар сәрсенбі күні өте тартысты кездесуде Словения құрамасына 1 : 2 есебімен есе жіберіп, жоғарғы дивизионға шығу үмітінен біржола айрылды. Жоғарғы дивизионға шығу үшін Қазақстан құрамасы тек бірінші орын алуға міндетті. Әзірше оның еншісінде 3 ойыннан кейін 6 ұпайы бар. 3 кездесуден кейін қарсыластарының қақпасына 14 шайба салса, өз қақпасына 3-ақ шайба түсірді.
XS
SM
MD
LG