Accessibility links

АҚШ әскери соты американдық сарбазды айыптауда


Германияның Вилсек қаласында отырыс өткізген АҚШ әскери соты американдық әскердің сержанты Джон Хатлиді 2007 жылдың көктемінде Ирактың 4 әскерін өлтіргені үшін кінәлі деп тапты.

Джон Хатли мен тағы бірнеше әскер ирактық 4 жауынгерді тұтқынға алып, байлап тастап, атып өлтіріп, денелерін суға лақтырып тастаған.

«Бұл істе Ирак пен Косоводағы соғыстарға қатысқан 40 жастағы американдық әскердің ардагері Дж.Хатли «сот төрешісі мен үкімді орындаушының қызметін өзі орындаған» — деді прокурор.

Келесі сот отырысы жақын уақытта өткізілмек, онда сот төрешісі Дж.Хатлиге берілетін жазаның түрін жариялайды. Бұл жазаның түрі мерзімінен бұрын босатылу құқынсыз бас бостандығынан өмірлік айырылу болуы мүмкін.

AzattyqTV

Мамайды қолдаушылар

Белсенділерді полиция ұстады

XS
SM
MD
LG