Accessibility links

Қапшағай қаласының бұрынғы әкіміне халықаралық іздеу жарияланды


Қапшағай қаласының бұрынғы әкімі (Алматы облысы) Сергей Зеленскийге халықаралық іздеу жарияланды, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

Осыдан сегіз ай бұрын Алматы облысы бойынша қаржы полициясы Сергей Зеленскийді қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған еді. Ол ойын-сауық орталықтары үшін жер телімдерін заңсыз бөлді және бірнеше рет пара алды деп айыпталды.

Сыртқа шықпау туралы қолхаты бар Зеленский тергеу органдарынан тығылып қалған. Қазір оған халықаралық іздеу жарияланып, оған қатысты қылмыстық іс Алматы облыстық прокуратурасының қатаң бақылауына алынды. Прокуратурадағы дерек көздерінің айтуынша, бұрынғы әкім қазір Украинада болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG