Accessibility links

Коммунистік Корея ядролық бағдарламасын қайта қолға алады


Солтүстік Кореяның ядролық нысандарын бақылайтын БҰҰ мен АҚШ-тың инспекторлары коммунистік билік үстемдік еткен осы елден кетеді. Солтүстік Кореяның билігі оларды ядролық нысандарынан аластатып, ядролық қару жасауға қажетті плутоний өндірісін қайта іске қосатын жоспарын жариялады.

Дипломаттардың айтуынша, БҰҰ-ның инспекторлары ядролық нысандағы мөрлер бұзылып, бақылау камералары алынған соң Енбондағы ядролық кешенін тастап кетті.

Ресми Пхеньян 5 сәуір күні өзінің Жапонияға қарай соғыс зымыранын ұшыруын БҰҰ-ның сынға алуына орай осындай шешімге келгенін мәлімдейді.

АҚШ-тың мемлекеттік департаментінің өкілі Роберт Вуд Пхеньянның бұл қадамын «кейін шегіну» деп бағалап, Солтүстік Кореяның оқшаулана түсетінін ескертті.
XS
SM
MD
LG