Accessibility links

«Евросеть Қазақстан» ЖШС-нің менеджерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды


Астана қаласында «Евросеть Қазақстан» ЖШС-нің менеджерінің үстінен 2 395 580 теңгені иемденіп алуға байланысты қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

Астана қаласы бойынша қаржы полициясы «Евросеть Қазақстан» ЖШС-нің сауда жөніндегі менеджері мен сатушы-кеңесшісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 176 бабының 3 тармағы, «б» тармақшасы бойынша (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету) қылмыстық істер қозғалды. Олар ұялы байланыс абонентерінің 2 395 580 теңге ақшасын кассаға салмай, иемденіп алып, өз еріктерімен жұмсаған.
XS
SM
MD
LG