Accessibility links

Ақ үй Теһранмен келіссөзге дайын, бірақ...


Иран өзінің ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзді қайта жалғастыруға байланысты әлемнің жетекші елдерінің ұсынысына әзірше жауап берген жоқ. Ол туралы Вашингтонда Еуропа Одағының өкілі Хавьер Соланамен кездесуі кезінде АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон хабарлады. Оның алдында Солана БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі мен Германияның атынан Иранға келіссөзге шақыруды тапсырған болатын.

Хиллари ханым ерекше атап көрсеткендей, АҚШ Иранмен келіссөзге ұмтылады, бірақ Иранның уранды байытудан бас тартуын талап етеді. Өткен сәрсенбіде Иран президенті Махмуд Ахмадинеджад таяуда Теһран жетекші елдерге екі жаққа да тиімді ұсыныстарын жібереді деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG