Accessibility links

Қырғызстан оппозициясы президент сайлауына кандидатын белгіледі


Қырғызстандағы 23 шілдеге белгіленген президент сайлауына оппозициядан түсетін жалғыз кандидат ретінде республиканың бұрынғы премьер-министрі Алмазбек Атамбаев бекітілді, — деп хабарлайды «Фергана.ру»

20 сәуірде Атамбаевтың кандидатурасы ресми жарияланбақ. 2007 жылы 29 наурызда премьер-министр болып тағайындалған Алмазбек Атамбаев Құрманбек Бакиевтің бұйрығымен отставкаға кеткен.

Алмазбек Атамбаев 1995 жылдан 2000 жылға дейін Жогорку Кенештің депутаты болды, 1997-1999 жылдары «Кыргызавтомаш» АҚ-ның бас директоры , 2005-2006 жылдары республиканың экономикалық даму, сауда және өнеркәсіп министрі қызметтерін атқарды. Қырғызстан Социал-демократиялық партиясының жетекшісі және тең төрағасы. 2000 жылы президент сайлауына кандидаттардың бірі болған.
XS
SM
MD
LG