Accessibility links

Түркия мен Арменияның арасы жыли түсуде


Түркияның сыртқы істер министрі Әли Бабажан Анкара мен Ереван арасындағы тарихи дау-дамай бойынша келіссөзді жалғастыру үшін бейсенбі күні Арменияға баруға тиіс.

Бабажан Қара теңіздің экономикалық ынтымақтастығы ұйымына мүше 12 елдің сыртқы істер министрлерінің 20-сыншы бас қосуына да қатысуға тиіс. Түркия мен Арменияның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас ресми Ереванның Осман империясы тұсында армяндарды жаппай қыру шарасын геноцид деп мойындауды талап етуі салдарынан үзілді. Анкара ондай көзқараспен келіспейді.

Таулы Қарабақ жанжалы шыққан 1993 жылы Түркия Әзірбайжан жағын қолдап, Армениямен арадағы шекарасын жапты. Соңғы рет түрік президенті Абдулла Гүл Ереванға өткен жылдың қарашасында барып, екі елдің футбол құрамаларының ойынын қызықтады.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG