Accessibility links

ЕО грузин билігі мен оппозициясын келіссөзге отырғызбақшы


Бейсенбі күні Тбилисиде Еуропа Одағының өкілі Питер Сэмнеби грузин оппозициясымен кездесті.
Сэмнеби ресми билік пен оппозицияның саяси теке-тіресі басталған күннен бері Тбилисиде жүр. Ол екі жақты келіссөзге отырғызуға тырысады. Оппозиция өз белсенділерін таяққа жыққан жайттардың жиілеп кеткенін және оған ішкі істер министрлігі мен басқа да жазалаушы құрылымдардың шатысы бар-ау деген күдіктерін мысалға келтірді.
«Марриот» қонақ үйінде өткен кездесуде оппозиция ЕуроОдақ өкілінен президент Михаил Саакашвилимен тікелей келіссөз ұйымдастыруды талап етсе, президент алдымен саяси партиялардың кеңес өткізуін ұсынып отыр. Осылайша Сэмнебидің іс-ірекеті нәтиже бермей тұр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG