Accessibility links

Обаманың отбасы салықты дер кезінде төлейді


Өткен жылы АҚШ президенті Барак Обаманың отбасы 2 миллион 700 мың доллар табыс тауып, федералдық қазынаға 855 мың доллар салық төлеген. Ол туралы Ақ үйдің өкілі хабарлады. Өткен жылдың қарашасында президент болып сайлануына дейін Обама 10 ай бойы Иллинойс штатынан сайланған сенатор ретінде 140 мың доллар жалақы алды. Оның зайыбы Мишель университетте жұмыс істеп, 63 мың доллар тапқан. Отбасының басты табысы – 2.5 млн. доллар – келешек президенттің «Әкемнің арманы» және «Үміттің батылдығы» атты 2 кітабы үшін қаламақысы болды.
Өткен жылы ерлі-зайыпты Обамалар қайырымдылық шараларына 172 мың доллар ақша немесе жалпы табысының 6.5 пайызын жұмсаған. Бұл орташа американ отбасының беретін қаржысынан 3 есе көп.
15 сәуір күні АҚШ-та салықтың қазіргі көп мөлшеріне қарсы жаппай шеру болып өтті. Таяуда Гэллап институты жүргізген сауалнамаға қарағанда, Америка халқының 61 пайызы салық жүйесін дұрыс деп есептесе, 34 пайызы онымен келіспейді.
XS
SM
MD
LG