Accessibility links

2009 жылы Ирақта 99 кісі қастандықтан құрбан болды


Бағдадтан батысқа қарай орналасқан соғыс базасына жанпидашыл-террористің бүгін жасаған шабуылының салдарынан, соңғы мәлімет бойынша, 16 адам қаза болып, 50 кісі жараланды. Ирақ армиясының басшылығын сілтеген ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, жанпидашыл-лаңкес әскери киім киінген көрінеді.
Қаза тапқандар мен жараланғандардың көпшілігі әскерилер. Олар түскі асқа жиналған кезде жарылыс болған.
France Press агенттігінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері Ирақта осындай қастандықтардан 99 кісі мерт болып, 300-дей адам жараланған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG