Accessibility links

НАТО: Грузиядағы жаттығуға Кремльдің алаңдауы негізсіз


НАТО одағы өзінің Грузияда өткізуді жоспарлаған бірлескен әскери жаттығуына Ресейдің алаңдауына негіз жоқ деп есептейді.
Солтүстікатлантикалық альянстың өкілі мәлімдегендей, бұл жаттығу ертеде-ақ жоспарланған және оның болатыны ешкімге де жұмбақ болған жоқ. НАТО-ның ерекше ескертуіне қарағанда, бұл тактикалық жаттығу – оған ауыр қару-жарақ пен соғыс техникасы қатыстырылмайды.
Оған дейін Ресей «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы шеңберінде 19 елден 1.300 әскери қатысуымен мамыр айына белгіленген әскери жаттығуды «арандатушылық» деп бағалады.
XS
SM
MD
LG