Accessibility links

АҚШ Мексикаға қылмыспен күресуге көмектеседі


Мексикада сапармен жүрген АҚШ президенті Барак Обама бұл елге ұйымдасқан қылмыспен күресуге жан-жақты қолдау көрсетуге уәде берді. Атап айтқанда ол Мексикаға Құрама Штаттардың оңтүстік шекарасы арқылы келетін қаруларды қысқарту қажеттігін мәлімдеді, — деп хабарлайды Associated Press.

Мексика президенті Фелипе Кальдеронмен келіссөзден кейін Б.Обама АҚШ конгресі ратификацияламаған қаруды бақылау бойынша американаралық келісімге өзінің қолдауын жария етеді деп күтілуде.

Бұл жердегі әңгіме 1997 жылы американдық мемлекеттер одағы қабылдаған қару-жарақ пен оқдәрілердің, жарылғыш заттардың заңсыз өндірілуі мен айналымына қарсы американаралық конвенция туралы болып отыр.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG