Accessibility links

Алматы- Бішкек бағытындағы жолаушыдан 4 килограмм героин табылған


Алматы- Бішкек тас жолының 13 - шақырымында орналасқан «Аят» стационарлық бекетінде Қырғызстан азаматынан 4 килограмм героин тәркіленді, — деп хабарлайды «Қазақстан Бүгін».

2009 жылдың 15- сәуірінде Алматы қалалық Кедендік бақылау департаментінің контрабандамен күрес басқармасының қызметкерлері тоқтатқан Бішкектен Алматыға келе жатқан «Ауди – 100» автокөлігінің жолаушысы 32 жастағы Қырғызстан азаматынан полиэтилен орамадағы сарғыш түсті ұнтақ зат табылып тәркіленген. Сот - химиялық сараптаманың корытындысы бойынша тәркіленген зат жалпы салмағы 4 килограммға жақын героин есірткісі болып шыққан.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 250- бабының 4-тармағы (аса ірі көлемдегі есірткі контрабандасы), және 259- бабының 3-тармағы «в» тармақшасы (аса ірі көлемді есірткі затын тасымалдау және сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG