Accessibility links

НАТО –ның бас хатшысы 1 тамыздан бастап қызметіне кіріседі


Солтүстікатлантикалық альянстың мерейтойлық саммитінде сайланған НАТО-ның бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен 1 тамыздан бастап басшылық қызметіне кіріседі, — деп хабарлайды РИА Новости.

НАТО-ның қазіргі Бас хатшысының ізбасары кім болатыны соңғы уақытқа дейін белгісіз болып келді.

НАТО-ның 27 мүшесі қолдаған даттық Андерс фог Расмуссеннің кандидатурасын қолдаудан Түркия бас тартты. Одақтастар Түркия басшылығын Расмуссеннің Данияның аймағындағы күрд радиостанциясын жабу туралы уәдесіне айырбас ретінде қолдау білдіруге көндірді.
XS
SM
MD
LG