Accessibility links

Ресей және Әзірбайжан президенттері кездесуде


Бүгін Ресей президенті Дмитрий Медведев Мәскеуде әзірбайжандық әріптесі Илхам Әлиевпен келіссөздер өткізуде. Күнтәртібінде энергетикалық мәселелер қаралады.
Бұл кездесу Әзірбайжанның мұнай компаниясы Ресейге газ сату үшін Газпроммен келіссөздерге дайын екенін жариялаған соң болып отыр. Газды жеткізу осы жылы басталуы мүмкін.
Сарапшылар бұл келісім Еуропа Одағының қолдауымен Орта Азия газын Ресейді айналып өтіп Еуропаға жеткізеді делінген Набукко құбыржолына нұқсан келтіруі мүмкін деп отыр.




AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG