Accessibility links

Астана циркінің қызметкерлері бұрынғы басшысының қызметіне оралуына қарсылық білдіруде


ҚазТАГ-тың хабарлауынша, Астана циркінің қызметкерлері ұжымның бұрынғы бас директоры Өмірбек Исабековті қызмет орнына қайтару туралы сот шешіміне қарсылық білдіруде.

«Исабековті орнынан алып тастап еді, ол сот арқылы жеңіске жетіп, цирк өнерін құрту үшін жұмысына қайта оралды. Біраз уақыттан кейін оны тағы қызметінен кетіріп, орнына өнердің жанашыры, халық әртісі Бекболат Байсағатовты тағайындаған. Кеше естуіміз бойынша, Исабеков аудандық сотта тағы жеңіске жеткен көрінеді. Біз сотқа апелляциялық шағым түсірдік, егер сот Исабековтің талабын қанағаттандырса, өтініш жазып, жұмыстан кетуге мәжбүрміз. Онда цирк шығармашылық ұжымсыз қалады», — деді цирк қызметкері Мұрат Үселбаев.
XS
SM
MD
LG