Accessibility links

Қытайдың мұнай компаниялары Қазақстанға 10 млд доллар несие берді


Қытайдың мемлекеттік мұнай компаниялары Қазақстанның ұлттық энергетикалық саласына 10 млд доллар беріп отыр. Оның тең жартысы МаңғыстауМұнайГазды және Қазақстанның оңтүстік аймағын газбен қамтамасыз етеді деп жоспарланған Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ-Шымкент жобаларын қаржыландыруға бөлінді деді ҚазМұнайГаз компаниясының президенті Қайыргелді Қабылдин.
Қытайдың ұлттық мұнай корпорациясы мен ҚазМұнайГаз компаниясы бірлесіп, Индонезияның Орталық Азия мұнай кәсіпорнынан Қазақстанда орналасқан МаңғыстауМұнайГаз акцияларын сатып алуға келісті.

Қазақстан мен Қытай ресмилерінің кездесуінде барлығы 11 құжатқа қол қойылған. Оның қатарында, білім, ауылшаруашылық, көлік және коммуникация, мұнай газ саласындағы ынтымақтастық мәселелері бар.
XS
SM
MD
LG