Accessibility links

Душанбеде аймақтағы қазақтардың кіші құрылтайы өтеді


Сәуірдің 20-да Душанбеде Орталық Азия, Ауғанстан және Иранда тұратын қазақтардың кіші құрылтайы өтпекші.
Бұл туралы Авеста агенттігіне Тәжікстандағы Қазақстан елшілігі хабарлаған.
Елшіліктің хабарламасына қарағанда, кіші құрылтай бірінші рет өткелі отыр және оны Тәжікстанда өткізу туралы шешім қабылданды.
Құрылтай шеңберінде Орталық Азия, Ауғанстан және Иранда тұратын қазақ диаспоралары: олардың келешегі мен проблемалары деген тақырыпта дөңгелек үстел өтпекші.
Қазақстанда үш жылда бір рет дүниежүзі қазақтары жиналатын құрылтай өтіп тұрады.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG