Accessibility links

АҚШ елшісі Палестина жетекшілерімен кездеседі


Бүгін Батыс жағалауда Құрама Штаттардың Таяу Шығыс бойынша елшісі Джордж Митчель Палестина жетекшілермен келіссөздер өткізеді.
Бейсенбі күні Иерусалимде Митчель Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен кездесті. Онда Израиль үкімет басшысы өз үкіметі Палестинамен келіссөз жүргізбес бұрын біріншіден Палестинаның Израиль мемлекетін мойындағанын қалайды деді.
Палестинаның мәмілегері Саеб Ерекат Нетаньяхуді шекара, Иерусалимнің келешегі және палестиналық босқындар туралы өткір мәселелер бойынша келіссөз өткізу жөніндегі бұрынғы міндеттемелерден бас тартып отыр деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG