Accessibility links

Донор елдер Пәкістанға 5 млд доллар береміз деді


Донор елдер Пәкістанға алдағы екі жылға 5 млд доллардан аса көмек көрсетуге сөз берді. Бұл уәделер Токиодағы кедейлікті азайту, білім және денсаулық саласына қаржы бөлу жөніндегі халықаралық конференцияда айтылды.
Бұл көмекке Жапония мен Құрама Штаттар әрқайсысы 1 млд доллардан береміз десе, қалғанын Еуропа Одағы, Сауд Арабия және басқа да елдер қосуға сөз берген.
Бұл көмек беру уәдесі Пәкістан президенті Асиф Али Зардари елді тұрақсыздандырып жатқан бүлікшілермен күресуге сөз берген соң болып отыр.
XS
SM
MD
LG