Accessibility links

Медведев НАТО-Грузия жаттығуларын сынады


Ресей президенті Дмитрий Медведев НАТО-ның Грузияда жаттығулар өткізу жоспарын дұрыс емес әрі қауіпті шешім деді. Медведев бұл мәлімдемесін Мәскеуге сапармен келген Әзірбайжан президенті Илхам Алиевпен бірге баспасөз мәслихатын өткізгенде айтты.
Ресей президентінің пікірінше, сәрсенбі күні жарияланған бұл шешім өткен жылы Ресейдің Грузиямен соғысынан кейін бұзылған НАТО мен Мәскеудің байланысын қайта орнатуға көмектеспейді.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров бейсенбі күні НАТО-ны бұл жоспарланған әскери оқу-жаттығуларын келесі айға қалдыруға шақырған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG