Accessibility links

Мумбай шабуылына күдіктіге қарсы сот басталды


Мумбайда өткен жылы болған террорлық шабуылдан аман қалған жалғыз күдіктіге қарсы сот процесі басталды. Ол шабуылда 160-тан аса адам қаза тапқан еді.
Айыптаушы Уджвал Никам өзінің соттағы алғашқы сөзінде, ұлты пәкістандық Мохаммед Аджмал Касаб шекараның аржағынан бүге-шігесіне дейін ұйымдастырылған әрі қатыгездікпен іске асырылған астыртын шабуылды жасаушылардың бірі деді.
Үндістанның Мумбай қаласына 2008 жылдың қарашасында шабуыл жасаған 10 адамнан жалғыз тірі қалған - Касаб Пәкістанда орналасқан исламшыл топ Лашкар-е-Таибаның мүшесі делініп отыр.
Егер ол айыпты деп табылса, өлім жазасына кесіледі деп күтілуде.
XS
SM
MD
LG