Accessibility links

Иранға ядролық технологияны жеткізбек болған адам тұтқындалды


Канада полициясының айтуынша, Махмуд Йадегари ядролық технологияны Иранға жеткізбек болған кезде тұтқындалған. Ол технология уранды байытуға қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ әскери мақсатта да пайдаланылуы ықтимал. Полицияның сөзіне қарағанда, Йадегари ол технологияны АҚШ-тың Бостон қаласынан Торонтоға, содан кейін Дубай арқылы Иранға жеткізбекші болған. Бұл тұтқындау АҚШ İшкі істер министрлігінің өтінішінен кейін жүзеге асқан.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG