Accessibility links

Латын Америкасы елдері саммиті бүгін, сәуірдің 19-да аяқталады


Оның басшылары АҚШ президенті Барак Обаманы ілгерішіл бағыттағы әріптес деп бағаласты. Вашингтонды пәрменді түрде сынап келген Венесуэла президенті Уго Чавес АҚШ астанасына өз елшісін таяу арада қайта жіберетінін мәлімдеді. АҚШ тарапы да осындай қадамды ойластырмақшы.

Чавес Боливиямен одақтастық ретінде өткен қыркүйек айында өз елшісін Вашингтоннан кері шақырып алған болатын.

Обама сенбіде сөйлеген сөзінде Америка құрлығындағы барлық елдермен тең дәрежедегі әріптестік байланыстар орнатуға ұмтылатынын айтқан еді. Сондай-ақ ол Куба елімен жаңа сипаттағы қарым-қатынастар мүмкіндігін іздестіруге уәде берген болатын. Обама бұл пікірін Латын Америкасы мен Кариб аралдары мемлекеттері басшыларының Тринидадтағы кездесуінде білдірген еді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG