Accessibility links

Оңтүстік Вазеристанда бүгін 3 адам қаза болды


Жергілікті ресмилердің айтуынша, олар аймақтағы қарулылар мекендерін көздеген АҚШ зымырандарының құрбаны болса керек. Құрама Штаттар Пәкістанның шекарасы бойындағы талай зымырандық шабуылдар үшін айыпталып келеді.

Сәуірдің 18-де Хангу ауданында жанкештілік бомбалық жарылыстан 27 адам қаза болған еді. Ол шабуыл әскери керуенді көздеген екен. Аталған шабуыл үшін жауапкершілікті Талибан өз мойнына алуда.
XS
SM
MD
LG