Accessibility links

Ауғанстанның Фарах аймағында 5 полиция офицері қаза болды


Олар полиция бекетіне шабуыл жасаған бірнеше ондаған қарулылардың оғына ұшқан екен. Бұл жөнінде Ауған ресмилері хабарлап отыр. Талибан өкілінің сөзіне қарағанда, олар Карез Шейха аймағындағы полиция бекетіндегі оқ-дәрі, қару-жарақ қоймасын басып алған екен.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG