Accessibility links

Ахмадинежад журналист Роксана Сабериге қатысты соттың әділ өтуін сұрады


Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтың кеңсесі Техран прокурорына хат жолдады. Ол хат журналист Роксана Сабери мен блогшы Хусейн Дерахшанның өздерін қорғаудағы барлық бостандықтары мен заңдық хұқықтарын толық пайдалануларына мүмкіндік беруге заң орындарын шақырған. Бұдан бұрын АҚШ президенті Барак Обама америкалық журналисті Иранның түрмеге жауып, әрі соттауына байланысты терең қынжылысын білдірген болатын. Ирандық-америкалық журналист Роксана Сабери жансыздықта айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айрылған болатын. Оның әкесінің айтуынша, өзінен талап етілген мәлімдемені жасағанда Сабери бостандыққа шығатын еді. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон ол соттың шешімі жайлы және журналистің жағдайы жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет алу үшін Ирандағы Швеция дипломаттарымен іс жүргізуде екендігін айтқан болатын.
XS
SM
MD
LG