Accessibility links

Бірқатар азаматтар жауапқа тартылып жатыр


Алматы қаласы бойынша қаржы полициясы Л және Б есімді азаматтарға қатысты ҚР Кылмыстық кодексінің 235 бабының 1 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. «Ұйымдасқан қылмыстық топты құру және басқару немесе қылмыстық қауымдастыққа қатыстылық» бабымен айыпталып отырған аталған азаматтар қылмыстық ұйымды құрып, «Қазақстан халық банкі» АҚ-ның 184 300 000 теңге көлеміндегі ақшасын жымқырған, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дәл осы бап бойынша бірқатар азаматтарға қылмыстық ұйымды құрып, үлескерлердің ірі көлемдегі қаржысын жымқырып кеткен деген айып тағылды. Олар ҚР Кылмыстық кодексінің 176 бабының 3 тармағы, яғни «сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін ұрлау» бойынша тағылған айыпқа байланысты жауапқа тартылуда.

«Казкоммерцбанкке» жалған мәліметтер мен құжаттар тапсырып, 3 500 000 доллар көлемінде ипотекалық несие алып, банкке осынша шығын әкелген деп танылған күдікті Х есімді азамат пен бірнеше анықталмаған тұлғаларға қатысты ҚР Кылмыстық кодексінің 177 бабының 3 тармағы «Алақтық» айыбы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG