Accessibility links

Араб инвесторлары жаңа ислам банкін құрмақ


Парсы шығанағындағы мемлекеттердің инвесторлар тобы бастапқы капиталы 10 млрд долларлық жаңа ислам банкін құрмақ.

Бұл банктің құру жұмыстары аяқталуға жақын, ашылуы 2009 жылдың соңына жоспарланған, — деп хабарлады Араб банктері одағының төрағасы Аднан Ахмед Юсеф.

Оның айтуынша, банктің негізін салушылар қазірдің өзінде жеке және жартылай үкіметтік инвесторлардан 3,5 млрд доллар инвестиция тартқан. Банк құруға кеңесші ретінде Ernst & Young халықаралық аудиторлық-консалтингтік компаниясы жұмыс істеуде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG