Accessibility links

Қазақстан президенті экономикалық өсуді қамтамасыз етуді тапсырды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылдың алғашқы жартысының қорытындысы бойынша елдің барлық аймағында экономикалық өсуді қамтамасыз етуді тапсырды, — деді ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов.

«Мен кеше мемлекет басшысымен сөйлестім. Барлық әкімдерге тұрғын үй шаруашылығы, тұрғындарды жұмыспен қамту сияқты мәселелерде дербес тапсырма берілді. Алғашқы жарты жылдық қорытындысында азғантай болса да өсуге жету керек», — деді үкімет басшысы.
XS
SM
MD
LG