Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда заңсыз әскери билет жасап берген подполковник сотталды


ҚазТАГ –тың хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы 3 бөлімшесі әскери комитетінің бастығы, подполковник Т. Қалдыев ҚР Қылмыстық кодексінің 177 бабы бойынша сотталды.

Подполковник өткен жазда Атакент ауылында аудан тұрғының бірінің ұлына заңсыз әскери билет жасап беріп, 12 мың теңге пара алу барысында ұсталған. Шымкент әскери гарнизонының соты «алаяқтық» айыбы бойынша үкім шығарған бұрынғы бастық 4 жылға бас бостандығынан айырылды, оның 2 жылын сынақ мерзімінде өтейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG