Accessibility links

Қырғыз оппозициясы президент сайлауына үміткерін таңдады


Қырғызстанның оппозициялық коалициясы бұрынғы премьер-министрді президент сайлауына үміткер ретінде ұсынып отыр. Оппозиция Социал демократтар партиясының жетекшісі Алмазбек Атамбаевты ортақ кандидат етіп таңдады. Бұл хабарды Атамбаевтың өзі де растады. Шілденің 23-не белгіленген сайлауға қазіргі президент Құрманбек Бакиев те түседі. Бакиевтің бұрынғы одақтасы Атамбаев 2007 жылдың наурыз айынан қараша айына дейін премьер-министр болған еді.
XS
SM
MD
LG