Accessibility links

Батыс делегаттары Ахмадинежадтың мәлімдемесіне наразылық танытты


Иран президентінің Израиль үкіметін «расист» деп атауына байланысты наразылық ретінде Батыс делегаттары Женевадағы БҰҰ-ның конференциясынан шығып кетті. Президент Махмуд Ахмадинежад дүйсенбі күнгі халықаралық форумда сөз сөйледі. Оның алдында Израиль бұл жиынға Иран жетекшісінің қатысуына қатысты Швейцариядағы елшісін шақыртып алған болатын.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги-мун батыс елдерінің халықаралық конференцияға бойкот жариялауларына байланысты өкінішін білдірді.

Батыс елдері бұл жиын Израилді әділетсіз сынау үшін пайдаланылуда деп қауіптеніп, оған қатысудан бас тартты. Басында Канада мен Израиль Женевадағы конференцияға қатыспайтындарын айтты. Сенбі күні АҚШ үкіметінің осындай шешіміне сондай-ақ Австралия, Германия, Италия, Голландия мен Жаңа Зеландия елдері қосылды.
XS
SM
MD
LG