Accessibility links

Беларусь оппозициясы шеру өткізбек


Беларусь оппозициялық қозғалысы – Еуропа коалициясы мамырдың 14-де тәуелсіздік шеруін өткізуді жоспарлап отыр. Азаттық радиосы Беларусь қызметінің хабарлауынша, Минскіде ұйымдастырылайын деп отырған бұл шеру 1995 жылдағы референдумның 14 жылдығына арналмақ.

Әлгі референдумнан кейін Беларустің Совет дәуіріндегі ұлттық белгілері қайта қалпына келтіріліп, орыс тілі елдің ресми тілі ретінде мақұлданған болатын. Беларусь белсенділері 1995 жылғы референдумның нәтижелеріне күмән келтіруде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG