Accessibility links

«Ар.Рух.Хақ»-тың наразылық акциясы тағы өтпей қалды


Бүгін Алматыдағы Республика алаңында орналасқан Тәуелсіздік монументі алдында «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қоры наразылық шарасын өткізіп, осы арқылы ҚР Ішкі істер министрлігінің оқушылар мен студенттерді есірткі пайдалануға міндетті түрде тесттен өтуі туралы заңға түзету енгізу жөніндегі бастамасына қарсылықтарын білдірмек болған.

Азаттық радиосы тілшісінің хабарлауынша, наразылық шарасын өткізбек болған «Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының төрайымы Бақытжан Төреғожинаны құқық қорғау органдарының өкілдері кеңсесінен шығармай ұстап алып кеткен. Ол қазір Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінде отыр.
XS
SM
MD
LG