Accessibility links

Қаржы полициясының полковнигі мен қорғаныс істерінің майоры ұсталды


ҚР ҰҚК ресми сайты хабарлағандай, Атырау облысы бойынша ҰҚК департаментінің тергеу бөлімі облыстық қаржы полициясы департаментінің аға тергеушісі М есімді полковникті пара алды деген күдікпен оған қатысты қылмыстық іс қозғады.

ҰҚК хабарламасында полковник М-нің бір ЖШС директорына қатысты қылмыстық істі тоқтатқаны үшін 30 мың АҚШ доллары мен 120 мың теңге пара алғаннан кейін ұсталғаны айтылған.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы бойынша ҰҚК департаментінің тергеу бөлімі Теректі аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы К есімді майорға қатысты әскери билеттің дубликатын жасау үшін пара алды деген күдікпен қылмыстық іс қозғаған.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG