Accessibility links

Жол полициясы комитетінің төрағасы отставкаға кететіндігі туралы рапорт жазды


ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов жол полициясы комитеті төрағасының отставкаға кететіндігі туралы жазған рапортын қабылдады, — деп мәлім етті ҚР ІІМ тіл саясаты және ақпарат департаменті жетекшісінің орынбасары Ернұр Уәли.

«Ө. Түсімов өзін қызметтен босату туралы рапорт жазды. Жол полициясы қызметін алты жыл басқарған адамның неге мұндай шешім қабылдағанының себебі маған белгісіз. Рапорт жазбас бұрын Ө. Түсімов демалысқа кетті. Қазір ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті төрағасының міндетін оның орынбасарлары атқаруда», — деді Е. Уәли.

52 жастағы Ө.Түсімов 2003 жылғы маусымнан бастап ҚР Ішкі істер министрі жол полициясы комитетінің төрағасы қызметін атқарып келген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG