Accessibility links

500 теңгелік жаңа монетаның аты — «Алматы апорты»


Қазақстан Ұлттық банкі «Алматы апорты» атты номиналы 500 теңгелік күміс монета шығарды, — деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Монетаның сыртқы бетінде алма мен ағаш жапырағынан жасалған композиция бейнеленген. Сол жағында монета номиналы мен жасалған металдың аты, сынамасы мен салмағын білдіретін «500 теңге», «Ag 925 31,1gr» деген жазулар бар. Жоғарғы жағында ҚР Ұлттық банкінің логотипі бейнеленген монетаның айналасына «Қазақстан Ұлттық банкі» деген сөз мемлекеттік және ағылшын тілдерінде жазылған.

Монета 925 сынамалы күмістен құйылған, салмағы – 31,1 грамм, диаметрі – 38,61мм, таралымы - 4 мың дана.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG