Accessibility links

Оңтүстік Осетия ЕҚЫҰ-ның бақылаушыларын қамады


Бүгін Грузияның жікшіл аймағы Оңтүстік Осетия ресмилері өздерінің ЕҚЫҰ-ның бірқатар бақылаушыларын қамауға алғандарын айтты. Цхинвалидің мәлімдеуінше, ол еуропалық бақылаушылар Грузия мен Оңтүстік Осетия шекарасын заңсыз өткені үшін ұсталды.
Бұл жөнінде хабарлаған Оңтүстік Осетия өкілі Ирина Гаглоеваның сөзін Рейтерс агенттігі келтіріп отыр. Бірақ, ол топтан қанша бақылаушы ұсталғаны айтылмады.
1990 жылдардың басынан бері ЕҚЫҰ өзінің бақылаушыларын Грузияға орнатқан, бірақ өткен жылғы тамыз айындағы Ресей-Грузия қақтығысынан кейін Оңтүстік Осетия ол бақылаушылардың өз аймағына келуіне қарсы болып келеді.
XS
SM
MD
LG