Accessibility links

АҚШ, ЕуроОдақ Иранды американдық журналисті босатуға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон тегі иран, американдық журналист Роксана Сабериді тезарада босатуды Ираннан сұрап отыр.
Өткен сенбіде Иран соты оны Құрама Штаттар үшін тыңшылық жасады деп, Сабериді 8 жылға түрмеге жапқан болатын.
Оның алдында Иранның сот төрағасы Аятолла Махмуд Хашеми Шахруди Саберидің ісін «әділ де нақты және шұғыл апелляцияға» беруге шақырған.
Президент Махмуд Ахмединежад Иранның сот жүйесіне Саберидің өзін қорғауға заңды құқық берілсін деді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG