Accessibility links

АҚШ пен Тәжікстан тасымал келісіміне қол қойды


АҚШ дипломаты Ричард Баучердің айтуынша, Құрама Штаттар мен Тәжікстан Ауғанстанға әскери емес заттарды тасымалдау жөніндегі келісімге келді. Баучердің сөзін франциялық AFP ақпарат агенттігі келтіріп отыр. Ақпарат көзінің хабарлауынша, АҚШ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Ричард Баучер "келісім жасалды, енді жүк тасымалы осы айдан басталады" деген. Ол бұл мәлімдемесін Душанбедегі сапарында айтты.
Қырғызстан өзінің аймағынан АҚШ-қа жалға берген Манас әуебазасын жауып тастаған соң, Құрама Штаттар Ауғанстандағы күштеріне зат жеткізетін балама жолдарды қарастырып жатыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG