Accessibility links

Ресей сыртқы істер министрі Пхеньянға барады


Ресей сыртқы істер министрі осы аптада Солтүстік Кореяға сапармен барады.
Министр Сергей Лавров сәуірдің 23-інде басталатын екі күндік сапарында қарусыздану жөніндегі алтыжақты келіссөздерден шығып кеткен Пхеньянды ядролық бағдарламасын тоқтатуға шақырған келіссөздерге қайтуға көндіріп көреді.
Ол алтыжақты келіссөздерге АҚШ, Жапония, Ресей, Оңтүстік Корея және Солтүстік Корея қатысып келген.
Солтүстік Кореяның 5-ші сәуірдегі зымыран сынағын БҰҰ-ның айыптағанына наразылық танытып, Пхеньян ол келіссөздерге бойкот жариялаған болатын.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG