Accessibility links

ҚР қаржы министрі ЕурАзЭҚ комиссиясының кезекті отырысына қатысады


ҚР қаржы министрі Болат Жәмішев сәрсенбі күні Мәскеуде өтетін ЕурАзЭҚ кеден одағы комиссиясының кезекті отырысына қатысады, — деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кеден одағын құру Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттерінің экономикалық интеграциясын дамытуға, сондай-ақ өзара сауда ынтымақтастығына жағдай туғызуға бағытталған.

ЕурАзЭҚ кеден одағы комиссиясына Қазақстаннан ҚР индустрия және сауда министрі Владимир Школьник, Беларусь Республикасынан премьер-министрдің орынбасары Александр Кобяков, Ресейден РФ Үкімет төрағасының бірінші орынбасары Игорь Шуваловтар мүше.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG