Accessibility links

Зейнолла Кәкімжанов өзінің тұтқындалғаны туралы қауесетті жоққа шығарды


Бұрынғы шенеунік, белгілі қаржыгер Зейнолла Кәкімжанов өзін БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің ісіне қатысты құқық қорғау органдары тарапынан тұтқындады деген қауесетті жоққа шығарды, — деп хабарлайды ҚазТАГ.

Кейбір ақпарат құралдары Зейнолла Кәкімжанов үйқамақта отыр, ол басқаратын жеке инвестициялық қордың банктегі есепшоты жабылған деген мәлімет таратқан еді. .

Бұл мәліметтердің бәрін жоққа шығарған Кәкімжанов өзінің шетелге кетейін деп жатқанын айтты, бірақ не мақсатпен және қанша уақытқа баратынын хабарламаған ол қайтып келгесін бәрін айтып беруге уәде берді.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі бұған қатысты ешқандай ақпарат білмейтін болып шықты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG