Accessibility links

Алматыда бұрынғы қылмыскер есірткімен ұсталды


Он жыл бұрын ТТ тапаншасын сақтағаны үшін сотталған «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының 34 жастағы мүшесі сейсенбі күні есірткімен ұсталды.

Алматы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы Валерий Козловтың айтуынша, қылмыстық ортада «Күйеу бала» деген атпен белгілі бұл қылмыскер арнаулы қызмет өкілдері жүргізген жедел іздеу шаралары барысында Фурманов көшесіндегі түнгі клубтан шығып келе жатқан бетте ұсталған. Сондай-ақ қазір күзет бақылауында отырған одан 2 граммға жуық кокаин табылған.
XS
SM
MD
LG